Шымкенттің геоақпараттық порталы 2021 жылдың соңына дейін іске қосылады. Қазіргі таңда еліміздегі тәжірибелі «КАЗГИСА» ЖШС-мен келіссөз жүргізіліп, 357,75 млн. теңгеге коммерциялық ұсыныс берілді,- деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бүгін қаланың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының м.а Нұрлан Архабаев қала әкіміне жыл басынан атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
Басқарма басшысының дерегінше порталды жасақтауда карта бойынша жұмыс жүргізу, кортаграфиялық деректерді жинап, Бас жоспардағы жобаларды енгізу, әуетүсірілім жасау, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, жылжымайтын мүлкті біріңғай кадастрмен дамыту, бос жерлерді анықтау мен өзге жұмыстарды жылдың ІІ-тоқсанында атқару көзделген.
Жобаны қаржыландыру қалалық мәслихатта мақұлданып, заң талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмысы жүргізілуде.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов геопортал қала болашағы үшін маңызды қадам екен атап өтіп, тұрғындар қаланың даму бағытын осы портал арқылы біліп отыруы қажет екенін алға тартты.
Айта кетсек, басқарма тарапынан 17 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылса, жыл басынан тұрғындарға 10 947 мемлекеттік қызмет көрсетілген.