Жұмабек Тәшенов атындағы университетте «Толеранттылық-педагогикалық мәдениет пен құзіреттіліктің құрамдас бөлігі» тақырыбындағы ғылыми-шығармашылық байланыстар орнату мақсатында халықаралық форумы өтті. ⠀
⠀Форумның ашылуына Анкара қаласындағы Гази университенің профессоры,⠀PhD доктор,– Южель Геишли, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессоры, пс.ғ.д. – Н.Тоқсанбаева, Қ.А.Яссауи ХҚТУ Педагогикалық шетел тілдері кафедрасының PhD философия докторы, аға оқытушы – Л.Қазыханқызы, докторанттар мен мектеп директорлары қатысты.⠀⠀
⠀Университеттің ректоры Қанат Байболов халықаралық форум шет елдік және отандық рейтингісі жоғары озық жоғары оқу орындары арасында серіктестікті дамытуда маңыздылығы зор екенін атап өтті. ⠀
⠀– Оқу ордасының тарихына 25 жыл толды. Осы жыл аралығында 16 мыңнан астам түлегіміз білім алды. Олар бүгінгі таңда Қазақстанның экономикасын жақсартуға атсалысып, өздерінің мамандықтары бойынша қызметтерін атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Бүгінгі таңда білім ордасында педогогикалық техникалық, ауыл шаруашылығы, IT саласы бойынша жаңа мамандықтарды ашудамыз. Ал бүгінгі форум осы тұрғыда өзінің маңыздылығын көрсетуде, – деді ректор. ⠀
⠀Форумға қатысқан шетелдік Гази университеттің проректоры Южель Гелишли бүгінгі жиынның үлкен тәжірибе алаңына айналғанын айтып, өз ойларымен бөлісті.⠀⠀