ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ МЕДИЦИНА ҰЙЫМЫНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ МЕДИЦИНА ҰЙЫМЫНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары Айгүл Қапбарова мен Әлішер Сатыбалдиев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында шаһардағы №1 клиникалық ауруханада болып, медицина мекемесінің жұмысымен танысты. Бүгінде аталған медицина мекемесінің кредиторлық берешегі 1,5 миллиард теңге. Шымкентке іссапармен келген Сенат депутаттары қаржы мәселесімен танысып, ауруханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысын бақылады. Сенат депутаттары Айгүл Қапбарова мен Алишер Сатвалдиевке аурухананың қаржы мәселесі баяндалды. Дәрігерлер кредиторлық берешек 2 млрд. теңгеден 1,5 миллиардқа азайғанын жеткізді. Ақ халаттылардың айтуынша, қарыздың негізгі себебі – қажетті препараттар мен операцияға кететін шығындар науқастарды емдеуге белгіленген тарифтен анағұрлым қымбат. Депутаттар елдегі көп медициналық ұйымның басты мәселесіне айналған қаржыландыру жүйесі Парламентте қайта қаралғанын жеткізді. Соның нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігі жаңа қаулы қабылдаған. Халық қалаулылары күрделі жөндеу жұмысын бақылады. Оған қаражат республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген. Жыл соңына дейін жеткізілуі тиіс жаңа жабдықтардың тізімін қарап, құрылысты мерзімінде аяқтаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар Сенат депутаттары Шымкент қаласындағы «Tulip Hall» жаңа конгресс-холының жұмысымен де танысып шықты.

«Шымкент келбеті»