Қазақстан Республикасының 2021 жылғы Ұлттық халық санағын жүргізу жөніндегі арнайы комиссиясының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңесте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды.
Халықтың саны, оның жасы, гендерлік құрамы, урбанизация дәрежесі, табыс деңгейі туралы жинақталған мәліметтер тексерілген, пысықталған басқарушылық шешімдер қабылдауға негіз болады. Онлайн санақты 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастау туралы шешім қабылданды.
Ол 2021 жылдың 15 қазанына дейін мамандандырылған sanaq.gov.kz веб-сайтында жалғасады. Сайт тәулік бойы ашық болады. Азаматтар, қай жерде жүрсе де, өзі және отбасы үшін сауалнама беттерін толтырып, санаққа өз бетінше қатыса алады.
Нәтижесінде осалдық жүйесі күшейтілді және байланыс арнасы кеңейді. Ә.Смайыловтың ұйғарымымен, Қазақстан Республикасының ҰҚК-мен бірлесіп, хакерлік шабуылдардың алдын алу мақсатында халық санағы бойынша ақпараттық ресурстарға тәулік бойы мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Дәстүрлі үй-үйді аралау, онлайн-санақтан өтпеген азаматтарды қамту мақсатында 2021 жылдың 1 қазанынан 2021 жылдың 30 қазанына дейін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.
Планшетке арналған мобильді қосымша әзірленді, оның көмегімен сұхбат беруші барлық кіріктірілген арифметикалық және логикалық басқаруларды ескере отырып сауалнама жүргізе алады, жіктеуіштер мен анықтамалықтарды қолдана алады. Алынған деректер тікелей ортақ дерекқорға жіберіледі.
Фото: ашық дереккөз