Қазақстанның толық академиялық тарихын жазу үшін «Халық тарихы» атты жобалық кеңсе ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Ел Президенті Үкіметке «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2021 жылға арналған Жол картасын сапалы әрі тиімді іске асыруды қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
Мемлекеттік хатшы Ұлттық комиссияның ұсыныстарын қарастыруды тапсырды. Атап айтқанда, Қазақстанның толық академиялық тарихын жазу үшін «Халық тарихы» атты жобалық кеңсені ашу, «Кинодағы және теледидардағы тарих» атты арнайы жобаның тақырыптарын күшейту, «Киелі Қазақстан» арнайы жобасы аясында туризмді дамыту, отандық Сайлаушылар банкін қалыптастыру. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін сапалы мәдени-ағартушылық және білім контентін қалыптастыру қажеттілігіне назар аударылды.