Шымкентте 2021 жылдың 15 шілдесінен бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл шешімді Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері қабылдады.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында азаматтар кезекті тек брон белгілеп барады. ХҚКО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGov mobile қосымшасы,eGovKzBot2.0 телеграм-ботты пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.
Осылайша, ХҚКО азаматтарды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. Ал сенбі мен жексенбідемалыс.
Айта кетсек, жаңа кесте енгізілгенге дейін ХҚКО азаматтарға сағат 09:00-20:00-ға дейін қызмет көрсетіп келген еді.