Шымкентте қоғамдық көлік қозғалысының уақытын хабарлайтын «i-Kolik» қосымшасы әзірленді, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Арнайы қосымша осы жылдың 19-20 сәуір күні Playmarket және Apple Store жүйелеріне енгізіліп, смартфонға жүктеуге оңтайлы болады. Сонымен қатар, аталған жоба тұрғындардың қоғамдық көлік қозғалысы туралы хабардар болуына мүмкіндік береді.
Шаһарда бұған дейін көлік саласын цифрландыру бағытында бірқатар жұмыстар қолға алынып, қоғамдық көліктерде электрондық билеттеу жүйесі енгізілген болатын.
Осындай игі бастаманың бірі - қоғамдық көліктерде дауыстық хабарлама енгізу жұмысы. Дауысты таңдау үшін байқау жарияланып, 563 үміткерден өтінім келіп түскен. Бүгінде үздік дауысты іріктеу жұмысы жүріп жатыр.