«ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСТЫ

«ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСТЫ

Жастарды ізеттілікке, парасаттылыққа баулу және қала тазалығы мен мәдениеттілігін сақтай отырып, игі іс-шараны жастар арасында насихаттау мақсатында «Игі істер марафоны» жобасы қолға алынған болатын.

Осы ретте Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қаламыздың тарихи орнына сыр шертетін Ескі қалашықта тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Тазалық акциясы аясында Ескі қалашықтағы ағаш, бұталар ретке келтіріліп, түптері әктелді, сондай-ақ, орындықтар мен қоршаулар сырланып, арық-атыздар мен өзгеде қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстарына қаламыздың 50-ге жуық ерікті жастар қатысты

«Шымкент келбеті»