Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында қоғамдық көлік саласын дамыту, оны цифрландыру бағытында бірқатар жобалар қолға алынды. Солардың бірі - «Ikolik» жобасы, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жоба арқылы тұрғындар 567 қоғамдық көліктің (70 пайыз) қозғалыс бағытын бақылауға мүмкіндік алды. Бұл жолаушыларға уақытты тиімді пайдалануға септігін тигізіп отыр. Аталған қосымша осыған дейін «Play Mаркет» пайдаланушылары үшін ғана қолжетімді болған болса, енді «App Store» жүйесіне де енгізілді.
Шымкент - халыққа қолайлы қала!