IKOMEK-тің тұрғындарға көрсеткен көмегі көп

IKOMEK-тің тұрғындарға көрсеткен көмегі көп

Шымкентте өткен жылдың маусым айында ашылған «IKOMEK 109» орталығына 10 айда 120 мыңнан аса арыз-шағым түскен, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Орталық тұрғындардың қала шаруашылығына қатысты мәселесін атқарушы органға жеткізіп, шешімін табуда өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

Бүгінге дейін орталыққа келіп түскен 120 мыңнан астам арыз-шағымның 119 мыңға жуығы қабылданып, қалған 1 875 арыз қаралу үстінде.

Орындалған шағымдардың 4 916-сы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының үлесінде. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы – 1928, денсаулық сақтау басқармасы – 595, «QazSmartTrans» ЖШС – 580, «ҚуатЖылуОрталық-3» МКҚК – 567, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы – 544, тұрғын үй басқармасы – 542, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы – 383 арыз орындылса, ал аудан әкімдіктерінен: Абай ауданы– 881, Қаратау ауданы – 693, Еңбекші ауданы – 449, Әл-Фараби ауданы – 483 шағымы өз шешімін тапқан.

Айта кетсек, әрбір қала тұрғыны төменде көрсетілген әдістер арқылы өз өтінішін қалдыра алады:

1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне қоңырау шалу;

2. WhatsApp +7 (777) 710-91-09 нөміріне жазу;

3. Instagram парақшасында жекеге жазу;

4. Facebook: IKomek Shymkent

5. @shymkentonlinekz_bot TELEGRAM-bot арқылы өтініш қалдыру.