Илон Маск Қазақстанға ресми түрде келетінін айтты

Илон Маск Қазақстанға ресми түрде келетінін айтты

Америкалық миллиардер Илон Маск Қазақстанға, Ресейге және ТМД-ның басқа елдеріне Tesla ресми түрде келетінін айтты, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап

- Біз жақында Ресейде боламыз, ал Tesla Ресейге ресми барады. Бұл керемет болар еді. Сондай-ақ, Қазақстанға, ТМД елдеріне кеңінен қарау керек, - деді Маск ресейлік "Новое знание" марафонында бейне байланыс арқылы.

Сонымен қатар, ол Tesla Ресейді электромобиль шығаратын зауыттардың ықтимал орны ретінде қарастыратынын айтты.

Бұған дейін Tesla Алматыда қызмет көрсету орталығын ашуы мүмкін екені хабарланған болатын. Tesla ресми сайтындағы картаға сүйенсек, сервис орталығы Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылы қиылысында орналасады.

Айта кетейік, 2019 жылы Илон Қазақстанда электромобильдерге арналған қызмет көрсету орталықтары мен қуаттау станцияларын ашатынын айтқан еді.