Инновациялық идеяларды жүзеге асыратын орталық

Инновациялық идеяларды жүзеге асыратын орталық

Шымкент қаласында «Smart Hub SILKWAY» IT орталығы ашылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

IT орталықта ақпараттық технологиялар саласындағы болашақ мамандардың инновациялық идеяларын жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған.

Орталықтың мақсаты – жастарды осы салаға бейімдеп, олардың цифрлық сауаттылығын арттыру және отандық ІТ өнімдерін шығару.


Қазіргі таңда заманауи орталықта «ақылды» жаяу жүргіншілер жолағы, робот құрастыру, 3D модельдеу, анимация жасау, төлем терминалдарын шығару сынды қаланы көркейтуге бағытталған оқу курстары жүргізілуде. Мұнда жас мамандар құрылғыларды бағдарламалауды, смартфондарға арналған мобильдік қосымшаларды жасауды тәжірибелік сабақ кезінде үйрене алады. Ол үшін орталық соңғы үлгідегі қажетті техникалармен жабдықталған.

Айта кетейік, орталық мамандарды тек оқытып қана қоймай, қоғам қажеттілігін өтейтін жобаларға инвестор тартып, өз кәсібін ашуға сеп болады.

Орталықтың мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тоқаев көшесі, №27а, (Түркістан көшесінің қиылысы).