Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жолы азаматтарды Ішкі істер министрлігі үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкіне жұмысқа тарту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті.
Нұр-Сұлтан қаласынан келген Ішкі істер министрлігі үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің 4-полиция батальоны взвод командирінің орынбасары, полиция аға лейтенанты Төлегенов Берік Айтбайұлы жұмысқа қабылдану шарттары мен талаптары жайлы толыққанды мәлімет берді. 50-ден аса ниет білдірген қала тұрғындарына ақпарат беріп, тұрақты жұмысқа орналасуға шақырды.
Толық мәлімет алу үшін байланыс тел: 8702 197 25 51, 8702 520 93 32