Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов №137 орта мектептің жұмысымен танысқанда осылай деді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Самал-3 шағын ауданында орналасқан мектеп 1 200 орынға лайықталған. Білім мекемесінде ұлдар және қыздарға арналған шеберхана, STEM кабинеті, спортзал және асханамен қамтылған.
- Балалардың денсаулығын нығайту үшін бұқаралық спортты дамытуды қолға алу қажет. Ол үшін оқушыларды спорт үйірмелеріне көбірек тарту керек. Заманауи мектепте білім алған балалар біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Білім сапасымен бірге балалардың қауіпсіздігі назардан тыс қалмауы тиіс, -деді қала әкімі.
Қала әкімі сыныптарды аралап, «Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» атты кітап көрмесімен танысты. Шахмат ойнын тамашалап, спорт секцияларына да ат басын бұрды. Аралау соңында М.Әйтенов мектептегі естелік кітапқа жазба қалдырды.