Бүгін Шымкент әкімі М.Әйтенов Үкімет отырысында қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бойынша баяндама жасады. Бұл жөнінде қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Шаһар басшысы кеңейтілген отырыста індетпен күрес нәтижелері мен қолға алынған іс-шаралар және вакциналау жұмыстары туралы ресми мәліметтермен бөлісті. Оның сөзінше, ковидтің ықтималды толқынына үш сценарий әзірленген. Қалада эпидахуал дағдарыс орын алған жағдайда 5 416 төсек-орынмен қамтамасыз етіледі.
– Азаматтарды вакцинациялау үшін 38 бекет ұйымдастырылып, бүгінде І-компонент 67 906, ІІ-компонент 6 918 азаматқа салынды. Вакцинациялауға 753 медицина қызметкері арнайы оқу курсынан өтті, - деді қала әкімі өз баяндамасында.
Айта кетсек, Шымкент қаласының «қызыл аймаққа» кіруіне байланысты 19 сәуірде жергілікті бас санитариялық дәрігерінің Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген алгоритмге сәйкестендірілген шектеу шаралар туралы жаңа Қаулысы шықты.