Қала әкімі Мұрат Әйтенов әуежайдың жаңадан салынып жатқан терминалының құрылысын көрді, деп хабарлайды Shymkentaqparat қала әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Сағатына 2 мың жолаушыны өткізе алатын, халықаралық маңызы бар нысанның құрылысы бүгінде қарқын алған. Құрылыстың барысын көрген қала басшысы мердігер мекемеге жұмыстың сапасына мән беруді тапсырды.
Қазіргі бұл жерде жер жұмыстары мен іргетасын құю жұмысы толық аяқталып, терминалдың қасбеттік жүйелерін монтаждау жұмысы жүргізілуде.
Әуежай SCAT компаниясының инвестициялық жобасы. Жобаның жалпы аумағы 2,8 гектар болса, ғимараттың алаңы 35 мың шаршы метрді құрайды.
Айта кетсек, өткен жылы әуежай алдындағы автотұрақты абаттандыру мен жаңа кірме жолды салу жұмысы аяқталған болатын.