Әйтенов:Қоғамдық көлік жүйесі оқушыларға тиімді болу керек

Әйтенов:Қоғамдық көлік жүйесі оқушыларға тиімді болу керек

Тұран шағын ауданында салынып жатқан 1200 орындық мектептің құрылыс жұмысын бақылау барысында қала әкімі осылай деді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

- Қоғамдық көлік жүйесі оқушылар мен олардың ата-аналары үшін тиімді болу керек. Оқушылар мектепке жеткізгеннен кейін көлік бағытын жалғастыру үйлестірілсін. Ең бастысы оқушылардың қауіпсіздігін назарға алуымыз керек, - деді қала әкімі.

Сонымен бірге, М.Әйтенов білім беру ұйымына педагогтарды конкурстық негізде қабылдауды қазірден бастап ұйымдастыруды тапсырды.

Осы жылдың тамыз айында пайдалануға берілетін мектептың сапасына баса назар аударған қала басшысы сала басшыларына кемшіліктерді болдырмау үшін өткен жылы пайдалануға берілген мектептермен ақылдаса отырып жұмыс істеуді жүктеді.

Айта кетсек, жалпы аумағы 2,92 гектар аумақты құрайтын нысан мемлекет қаржысына салынуда. Құрылысты «АРТ-құрылыс» ЖШС-і жүргізіп отыр.