Шымкент қаласында бүгін қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталды. Биылғы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты грантқа өтініш білдіру онлайн форматта жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Азаматтардың құжаттары Telegram желісіндегі @enbekshymkentBot бойынша 2021 жылдың 26 наурызы 09.00-ден кешкі 19.00-ге дейін қабылданады.
Грантқа құжат тапсыру шарттары туралы толық ақпарат беру үшін Шымкенттің жұмыспен қамту орталығының мамандары «SHANYRAQ» орталығына барып, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға түсіндіру жұмысын жүргізді.
Бұл жолы 600 өтініш берушінің грант иесі атану мүмкіндігі бар. Жұмыссыз, әрі атаулы әлеуметтік көмек алып отырған, бір жасқа толмаған баласы бар аналар да құжат тапсыруына болады. Алайда, азаматша жұмыс істеп жүріп, декреттік демалысқа шықан, жұмыс орны сақталып тұрған жағдайда грантқа құжат тапсыра алмайды. Себебі, олар жұмыссыз деп танылмайды.
Грант иегері атанған АӘК алушылар үш айдың ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, грант қаражатының есебін беруі тиіс. Ал жұмыссыз ретінде өтініш беріп, грант алсаңыз жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, тек бірыңғай жиынтық төлем, яғни 2915 тг төлеп отырсаңыз да болады.
Орталықта өткен бүгінгі кездесуде осы жылдың екінші тоқсанында АӘК автоматты түрде ұзартылмайтынын және қайта құжат тапсыру қажеттігі айтылды.
Грантты иеленгеннен кейін тексеру барысында қайтарымсыз қаражаты мақсатсыз пайдаланған болса, бағдарлама талабына сәйкес қаржы бюджетке қайтарылады.