ҚАЛА ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВТІҢ БІРІҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВТІҢ БІРІҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің біріңғай қабылдауы өтті. Шаһар басшысы жалпы саны 20-ға жуық тұрғынның мәселесімен танысып, заңды шешілуіне ықпал ететінін жеткізді. Қала әкімінен өзге оның орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері де азаматтардың арыз-талабын, өтініш-тілегін тыңдады.

Ғабит Сыздықбековтің қабылдауына жазылғандар  жеке-жеке мәселесін айтып, әкімнен шешілуге көмек беруін жеткізді.  

Қабылдауға келген бір топ азамат қаланың Нұршуақ шағынауданындағы мәселелерді тізіп жеткізді. Абай ауданының әкімі тұрғындарға проблемамен жіті танысу үшін шеткі шағынауданға арнайы баруға уәде етті. Арызданып келген көршілер атынан Гүлбибі жақсылықтан үміт үзбейтінін айтып, енді аудан әкімін ауласында күтпек.

Шымкент әкімінің тұрғындарды қабылдау күнінде Ғабит Сыздықбековтен өзге әкім орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімі де тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді. Азаматтар әсіресе, инфрақұрылым, жол, табиғи газ бен жарықтың мәселесін айтты. Жауаптылар әр келушінің арыз-талабы назардан тыс қалмайтын жеткізді.

Тұрғындарды қабылдау таңғы тоғыздан басталып, жұмыс күні аяқталғанға дейін жалғасты. Жалпы саны 200-ге жуық азаматтың өтініші қаралып, бақылауға алынды.     @Шымкент қаласының әкімдігі (www.gov.kz)         

                                                                                        «Шымкент келбеті»