Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай мерекелік салтанатты жиын өтті. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырған іс-шараға салық және кеден саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
Қала әкімі шаһарда жергілікті салық түсімдерінің артып келе жатқанын атап өтіп, ел қазынасы үшін жұмыс атқарып жүрген әрбір қызметкерге алғысын айтты.
Сондай-ақ, экономиканың дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, халықтың құқықтық сауаттылығы мен салық мәдениетін арттыру - мемлекеттік кірістер органдарының қажырлы еңбегі екеніне тоқталды.
Мерекелік іс-шара барысында үздік қызметкерлер ҚР ҚМ «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, Шымкент қаласы Әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бейбіт Қарымсақов салық жүйесіндегі оң жетістіктер бойынша баяндама жасады.
Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.
«Шымкент келбеті»