Шымкент қаласындағы Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бүгінгі таңда мұнда 3,3 шақырым су, газ құбырларының орнын ауыстыру, 60 метр тіреу қабырғаларын құю, 7 бағана орнату және 75 қада құю жұмыстары орындалды.
Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған жолайрықта жер асты өткелінің құрылысы жоспарланған. Құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Мұрат Әйтенов атқарылған жұмыстарды көріп, сала басшысына қаладағы көлік кептелісін шешу үшін құрылысты мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Фото: Береке Сейітжаппар