Shymcity жаңа саябағында «Игі істер марафоны» жобасының «Экологиялық апталығы» аясында тазалық іс-шарасы өтті. Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Абай ауданы әкімшілігі бірлесе ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – жастарды ізеттілікке, парасаттылыққа баулу және де бәрімізге ортақ қаламыздың тазалығы мен мәдениеттілігін сақтай отырып, осы игі іс-шараны жастар арасында насихаттау.
Тазалық жұмыстарына «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері, «Jasyl el» еңбек жасағы және қаламыздың 50-ге жуық ерікті жасы қатысты. Іс-шара барысында ерікті жастар саябақтағы қоқыс жәшіктерін тазартып, ағаштарды ретке келтірді. Одан бөлек, көше бойларындағы арық-атыздарды қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, экоакцияға аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшылары мен 12 техника жұмылдырылды.
«Шымкент келбеті»