Қалада ескірген жылу құбырлары ауыстырылуда

Қалада ескірген жылу құбырлары ауыстырылуда

Шымкент қаласында ескірген жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Биыл қалада ұзындығы 29,5 шақырым болатын жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, осы жылы жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында жергілікті бюджеттен 1,96 млрд. теңге қаралған. Бүгінгі күнге жұмыстардың 84 пайызы орындалған, ол 24,7 шақырымды құрайды. Кестеге сәйкес қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталады.

Айта кетейік, қаланың жылу жүйелерінің ұзындығы 419,3 шақырымды құрайды. Жылу маусымынан соң қысыммен тексеру жұмыстары жүргізіліп, 84 ақау орын алғаны анықталған. Анықталған кемшіліктер толығымен қалпына келтірілген.