Қаламгер Ақжол Қалшабектің жаңа еңбегі жарық көрді

Қаламгер Ақжол Қалшабектің жаңа еңбегі жарық көрді

Бүгін әдебиеттанушы ғалым Ақжол Қалшабектің «Елдік сұлбасы немесе ұлттық рух жайлы толғаныс» кітабының тұсау кесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қалылық А.С. Пушкин атындағы кітапханада өткен әдеби кешке ақын Ханбибі Есенқарақызы, қаламгер Мархабат Байғұт, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, тарихшы Ордалы Қоңыратбаев, ақын Абай Қалшабек және оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Елдік сұлбасы немесе ұлттық рух жайлы толғаныс» кітабында автордың соңғы 20 жылда жазылған мақалалары мен ғылыми баяндамалары жинақталған. Онда еліміздің тілі, діні, тарихы, төл әдебиеті туралы жазылған.


Ақжол Қалшабек – ф.ғ.к, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың доценті, «Мұхтартану» ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, әдебиеттанушы ғалым. Автордың осы уақытқа дейін 30-дан астам ғылыми мақалалары баспа беттеріне түскен.

2012 жылы «Әдебиеттану ғылымына кіріспе» атты оқулығы жарық көрді. Оқулықта қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері мен әдебиет теориясының негіздері жаңа заман талабы тұрғысынан сараланып жазылған.

Фото: Ернар Мамыр