Қаланың бас жоспары мамырда бекітіледі

Қаланың бас жоспары мамырда бекітіледі

Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі дамуының Бас жоспары әзірленіп жатыр. Бұл жобаның аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қаланың геоақпараттық жүйесі жасақталуда.

Геопортал бүгінде сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Электрондық жүйе де осы кезеңде толықтай іске қосылады.

Бүгінде қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан 17 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Биыл қаңтар-наурыз айларында 13 967 мемлекеттік қызмет көрсетіген.

Оның ішінде

құрылыс және реконструкция жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну қызметі — 1 295 рет, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру қызметі – 5 319 рет, ал, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру қызметі — 1 347 рет, сондай-ақ, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қызметі — 1 577 рет көрсетілген.