Қалың қардан үзілген электр желілері қайта қалпына келтірілуде

Қалың қардан үзілген электр желілері қайта қалпына келтірілуде

Үшінші мегаполисте ауа-райының қолайсыздығына байланысты 18 елдімекенде электр жарығы істен шықты, деп хабарлайды Shymkentaqparat.kz қала әкімдігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Қатты дауыл әсерінен магистралдық желілердің айқасуы, ағаштардың желі үстіне құлауы, трансформатордың ішіне су өтуі секілді жағдайлар орын алды. Осы ретте коммуналдық қызмет көрсету мекемелері авариялық оқиға орындарында түзету жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда Нұрсәт, кіші Самал, Тельман, Азат, Ворошиловка аумақтарында жарық желісі қайта іске қосылды.

Ал қалған: Азат, Самал-1, Самал-2, Солтүстік Батыс, Көкбұлақ, Асар, Самал-3, Игілік, Қайтпас-1, Ақжайық, Достық, Жаңаталап, Ынтымақ, Забадам шағын аудандарында жұмыстар әлі де жалғасуда.

Таңнан бері 34 авариялық жағдай тіркелді. Сағат 11:00-ге дейін оның 11-і қайта іске қосылды. Электр желілерін қосуға 22 бригадада 50 адам жұмылдырылды.

Электр желілеріне қатысты «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС диспетчерлік қызметінің 35-39-85 нөміріне хабарласуға болады.

Фото: ашық дереккөз