Қар тазалау жұмыстары қарқынды жүруде

Қар тазалау жұмыстары қарқынды жүруде

Шымкентте жолдарды қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еңбекші ауданы аумағындағы орталық 76 көше мен ішкі орам көшелерді тазалау жұмыстары 10 бағытқа бөлінді. Әр бағыт бойынша тиісті арнайы техникалар мен жұмысшылар кестеге сәйкес қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Биыл қыс мезгілінде көшелерді тазарту үшін 30 бірлік техника, 4 бірлік тиегіш (погрузчик) техникасы, 11 трактор, 10 бірлік самосвал техникасы, жұмысшыларды тасымалдау үшін 4 бірлік автобус техникасы, 1 бірлік "автомастерская" техникасы, жалпы 60 техника 210 жұмысшы жұмылдырылған.

Қосымша қажеттілікке байланысты «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан 19 жалдамалы техникамен келісімшарт жасалған. Сонымен қатар, қазіргі таңда көшелерге себетін тайғаққа қарсы қоймада 815 м3 инертті зат бар.