Биыл мектеп оқушылары үшін жазғы лагердің бірінші легі 5 маусымда басталады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жазғы лагерлерге жалпы орта мектептерден 7 341 бала, балалар үйінің 157 баласы және дарын мектептерінің 300 бала бара алады. Аз қамтылған отбасылардың балаларын қала сыртындағы лагерлерде демалдыру мақсатында қала бюджетінен арнайы қаржы қаралған. Одан бөлек ата-аналар есебінен 22 655 бала демалатын болады.
Оқушылар сарайына қарасты «Ақсу» лагері 1200 баланы 8 ауысымда қабылдауға қауқарлы. Әр ауысымда санитарлық талаптарды сақтай отырып 150 баладан қамтылатын болады.
Қаладағы санитарлық эпидемологиялық жағдайға және «Қызыл аймаққа» қайта-қайта ауысуына байлынсты қала мектептерінің жанынан жазғы демалыс алаңшаларын ашу мүмкіндігі болмай отыр. Бала өмірінң қаупісізідігінің маңыздылығын ескере отырып, жаз мезгілінде онлайн форматта оқушылармен күніне бір рет қатынас орнатып, түрлі тәрбиелік мәні бар сағаттар ұйымдастыру жоспарлануда.
Биылғы жылы аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы лагерлерде демалу үшін ата-анадан өтініш қабылдау E.gov порталы арқылы онлайн қабылданатын болады.
Барлық жазғы сауықтыру орталықтары қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан жұмыс жүргізу үшін рұқсат қағаздарын алып, залалсыздандыру (дезинфекциялау) жұмыстары жүргізілді.
Фото: Самат Мырзалиев