Карантин талабын бұзғандар анықталды

Карантин талабын бұзғандар анықталды

Шымкент қаласының тәртіп сақшылары рейд барысында демалыс күндері карантин талабын ескермеген асхананы анықтады, деп хабарлайды Shymkentaqparat Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Қаладағы Сайрам тұрғын алабы, Сатыбалдиев көшесі бойында орналасқан қоғамдық тамақтану орны 24 шілде, яғни сенбі күні сағат 12:34-те келушілерді қабылдап, жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Сонымен бірге тамақтану орнындағы қызметкерлер келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық маскасыз қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.