Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан кафе-мейрамханаларға, ойынхана клубтарына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Кезекті тексеру кезінде Шымкент қаласында Жәнібеков көшесінде орналасқан "Кәусәр" шайханасына мониторинг жүргізу барысында, карантиндік талаптарды сақтамай, бір залда 50 адамнан аса келушілерді қабылдап жұмыс жасап жатқаны анықталды.
Анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Еңбекші ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданып, түсініктеме алынды.
Осыған орай, қала қонақтары мен тұрғындарына полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және карантин кезінде азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға назар аударуды сұрайды.