Карантин тәртібін бұзған 17 нысан анықталды

Карантин тәртібін бұзған 17 нысан анықталды

Шымкентте санитарлық-эпидемиологиялық талаптың сақталуына маниторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқарып отыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Шаһарда жалпы 415 кәсіпкерлік нысан бар. Арнайы топ нысандарға тексеру жұмысын жүргізіп, карантин талаптарын бұзған 17 нысанға әкімшілік хаттамасын толтырды.

Айта кетсек, осы жылдың 04 сәуір күні КВИ-дің Шымкентте 48 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 25 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 23 адам үй бақылауына алынды.

Бүгінде мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар. Төсек-орын толымдығы 26 % құрап, 1018 төсек-орын бос. Қазір инфекциялық стационарда 362 науқас емделуде.