Шымкентте қаратал ағашына ауру түсіп, салдарынан жапыраға мезгілінен ерте сарғая бастады. Қаладағы осы түрдегі ағаштарды емдеу мақсатында дәрі шашылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Қараталға түсіп жатқан ауруды емдеу мақсатында аудан әкімдіктері, ҚР АШМ АӨ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының, Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы РРМ Шымкент қаласы бойынша филиалы және мердігер мекемелер бірлесе дезинсекциялық дәрілеу шараларын жүргізу үстінде», -делінген хабарламада.
Қалада 125 гектар аумаққа «Имидор», «Омайт», «Энжин» препараттары қара талдарға арнайы құрылғы көмегімен жапырақтарына шашылуда. Оның ішінде, саябақтар аумағының 28 га жеріне, Абай ауданы 20 га, Әл-Фараби 25 га, Еңбекші ауданы 23 га, Қаратау ауданына 29 гектар жерге қолданылады.
Сонымен қатар бұл жұмыс қоңыр күзге дейін жалғасады.
Жауапты мамандар қала тұрғындарынан аулада қаратал ағашының ауырып тұрғаны байқалса, төменде көрсетілген байланыс нөмірі арқылы жергілікті әкімдікке хабарласуға болатынын айтады.
Әл-Фараби ауданы: 54-58-46
Еңбекші ауданы: 53-27-43
Қаратау ауданы: 77-45-64
Абай ауданы: 53-03-16