Қаратау ауданы: 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Қаратау ауданы: 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Биыл Қаратау ауданына қарасты орталық көшелердің бойына және көпқабатты үй аулаларына 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды.Бұл туралы Қаратау ауданы әкімі Рашид Мүлкеманов БАҚ өкілдерімен өткен кезекті брифингте атап өтті.

Брифинг барысында Қаратау ауданы аумағында алғашқы тоқсанда атқарылған жұмыстар қатарын баяндап, алдағы уақытта жоспарға қойылған негізгі жобалар жайында баяндады.

– Қаратау ауданының аумағы — 19 500 гектар, 190 мыңнан астам тұрғыны бар. Аудан аумағында 18 елді мекен, жалпы көшелер саны – 595, демалыс орындарының саны – 7. Биыл Сайрам және Қызылсу елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарының аяқталған соң, аудан аумағындағы барлық елді мекендер толық сапалы ауыз сумен қамтылады.Елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткіші 90 пайызды құрайды. 2025 жылға дейін табиғи газбен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ, жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 74 көше асфальтталады, – деді аудан әкімі Р. Мүлкеманов.

Сондай-ақ, аудан әкімі ирригациялық арықтар, көшелерді абаттандыру, ономастикалық мәселелер жөнінде де атқарылған жұмыстарға тоқталды.