Қаратау ауданы: Қариялар жастарға үлгі көрсетті

Қаратау ауданы: Қариялар жастарға үлгі көрсетті

Қаратау ауданының тұрғындары жалпықалалық #TazaShym тазалық шарасына атсалысу үшін Т.Назарбеков атындағы аллея маңына жиналды. Аудан тұрғындары мен белсенді жастар Т.Назарбеков аллеясының аумағына, Ж.Шаяхметов көшесі мен Н.Назарбаев даңғылының бойына және «Нұрсәт» шағын ауданында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

– Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық аумағында қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі іс-шараға қоғам белсенділері, жастар, еріктілер үлес қосып жатыр. Мен барлық замандастарымды Президент бастамасын қолдап, белсенді атсалысуға және қаланың дамуына үлес қосуға шақырамын, - дейді Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Бекарыс Бахадыр.

Іс-шараға тұрғындармен бірге танымал айтыскер ақын Б.Байтуов, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары П.Есенбеков бастаған қариялар, белсенді жастар қатысты. Аға буын өкілдері жастарға үлгі көрсетіп, бата берді.

Айта кетейік, Қаратау ауданы бойынша #TazaShym шарасына 500-ден астам адам қатысып, 18 арнайы техника жұмылдырылып отыр. Ауданға қарасты барлық аяқ жолдар тазаланып, 280 дана ағаш әктелді. Сонымен қатар, 40 орындық сырланды. Жалпы, аудан аумағынан 28 текше метр қоқыс шығарылып, жол бойындағы ирригациялық жүйелер тазаланды.