Елдегі орын алған жағдайға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қаламызда бірқатар орындарда тосқауыл бекеттері орнатылған болатын. Оның ішінде Қаратау ауданының аумағындағы Қайнарбұлақ елді мекені мен Бозарық айналма жолындағы кіреберістер бар. Осы орайда, бүгін Қаратау ауданы басшысы Абзал Әліқұлов аталған тосқауыл бекеттерде қызмет етіп жатқан әскерилерге барып, толық ахуалмен танысты.
Сондай-ақ, аудан басшысы Отан алдында қызметтерін адал атқарып жатқан ел азаматтарына өзінің алғысы мен қолдауын жеткізді.
Еске сала кетейік, елдегі жағдайдың тұрақталуына байланысты жақын күндері қалаларда орнатылған тосқауыл бекеттерін алу жұмыстары жүргізілетін болады.