​Қаруы барлар – қатаң бақылауда

​Қаруы барлар – қатаң бақылауда

Шымкентте 6 282 адамға қару-жарақ қолдануға заңды түрде рұқсат берілген, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қалалық Полиция Департаментінің мәлімдеуінше, қаруы барлар – қатаң бақылауда. Ол үшін жылына үш рет арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып отырады екен.

«Қаруды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында қару иелерін тексеру ағымдағы жылдың 3-ші ақпанында басталып, 2 наурызға дейін жалғасады. Қазірдің өзінде қаруды сақтау және оны тіркеу заңдылықтарын бұзған 89 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Шымкент қаласы Полиция Департаменті Әкімішілік полиция басқармасының басшысы Ерғали Сүлейменов.

Айта кетейік, салық кодексіне сәйкес қаруды пайдаланғаныңыз үшін мемлекеттік баж салығын төлеуіңіз шарт. Құжатыңыз мерзімінен өткен жағдайда айыппұл төлеуіңіз заң жүзінде қарастырылған. Ал қару иесі тұрғылықты мекен-жайын ауыстырған кезде бұл туралы аумақтық ішкі істер органына 10 күн ішінде хабарлауға міндетті.

Аталмыш ережені сақтамау ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабына сәйкес, 43 755 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Фото: ашық дереккөз