​Қаржы вице-министрі тағайындалды

​Қаржы вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР қаржы вице-министрі лауазымына Дәурен Маратұлы Кеңбейіл тағайындалды, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Дәурен Кеңбейіл 1984 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы болып бастаған.

2006-2013 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2013 жылы ҚР Қаржы министрлігі концессиялық жобалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

2017-2019 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті директорының орынбасары.

2019 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры қызметін атқарған.