​«Қасқасу-С» шаруа қожалығы бір жылда 300 тонна таза ет өндірген

​«Қасқасу-С» шаруа қожалығы бір жылда 300 тонна таза ет өндірген

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Қасқасу-С» шаруа қожалығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан шаруа қожалық 2017 жылы өз жұмысын бастаған.

Қожалық иесінің айтуынша, ең алдымен 600 басқа арналған қора жай құрылысын салып, бұқашықтарды бордақылауға кіріскен. Былтыр саланы одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкер қосымша 700 басқа арналған мал ұстайтын қоражайды салған. Нәтижесінде 12 ай ішінде 1 180 бас бұқашықты бордақылап, 330 тоннаға жуық таза ет өндірген.

Биыл қосымша 500 бас бұқашыққа арналған қоражай құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.

- Қала тұрғындарын ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуде мал шаруашылығы саласының алар орны ерекше. Жұмысыңызды көріп қуанып отырмын. Осындай жаңа бастамаларға қолдаукөрсетуге әрдайым дайынбыз. Өндіріп отырған азық-түлік тауарларын делдалсыз әлеуметтік дүкендерде сатылуын қамтамасыз ету қажет, - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Айта кетейік, бүгінде қалада 100 бастан жоғары ірі қара мен жылқы малдарын бордақылайтын 30-дан аса мал бордақылау алаңы тұрақты жұмыс істеуде.


Фото: Береке Сейітжаппар