Қашықтан жұмыс істеу заңдастырылмақ

Қашықтан жұмыс істеу заңдастырылмақ

Парламент Мәжілісі «ҚР Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға кірісті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмилә Нұрманбетова қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәжірибесі еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттігін көрсеткенін айтты.

«Қазіргі кезде қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәжірибесі еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттілігін көрсетті. Осыған байланысты заң жобасы қашықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеуді көздейді. Уақытша және аралас жұмыс, жұмыс кестесін, жұмыс уақытын, қызметкер мен жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу сияқты жаңа жұмыс режимдерін енгізу ұсынылады», - деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмилә Нұрманбетова палата отырысында.

Мәжіліс заң жобасын 2021 жылдың 22 желтоқсанына дайындауды жоспарлап отыр.