Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көрді, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz
Қасым-Жомарт Кемелұлы көлемді мақаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде мемлекеттің нығаюы жолында атқарылған бірқатар жұмыстар мен тарихи сәттеріне кезең-кезеңмен тоқталады. Мақаладағы «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық» және «Ұлағат пен ұстаным» сынды бөлімдер автордың оқырманға деген айтар ойын түйіндеп береді.
«Толағай табыстардың бәріне Елбасының дара көшбасшылығының һәм халқымыздың даналығы мен парасатының, бірлігі мен ынтымағының, отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан, Елбасы Тәуелсіздігіміздің мәңгі символына айналды десек, ақиқатты айтқан болар едік», - делінген Президент мақаласында.
Мақаланың толық нұсқасы