ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ БӘСЕКЕСІ ӨТУДЕ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ БӘСЕКЕСІ ӨТУДЕ

Шымкенттегі Жеңіл атлетика спорт кешенінде қазақ күресінен алғаш рет Шымкент қаласы әкімінің Кубогі бәсекесі ұйымдастырылды. Жастар арасында өтіп жатқан жарыста жеті өңірдің балуандары бақ сынауда.

Атап айтқанда, Алматы мен Шымкент қалалары, сондай-ақ, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарынан 100-ге жуық жас балуан келген. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 8 салмақ дәрежесі бойынша белдеседі.

Дәстүрге айналатын күрес додасы Шымкентте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға зор мүмкіндік бермек. Жас спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға және қазақ күресін насихаттауға бағытталған

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов жарысты ашып беріп, жастардың қадамына сәттілік тіледі. Қазақ күресінен Шымкент қаласы әкімінің Кубогі жарысы бұдан кейін де жалғасын табатынын айтты.

Биылдан бастап ұлттық спорт олимпиадалық спорт түрлерімен қатар басымдыққа ие болды. Бұл ұлттық спортты мақсатты түрде қаржыландыруға және оны жоғары жетістіктер спорты ретінде тануға жол ашады.

Сол себепті де ұлттық спортты насихаттау, резерв қалыптастыру бағытында жастар арасында тағы бір маңызды турнир қолға алынып отыр.

Айта кетсек, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері бүгін толық анықталады.

«Шымкент келбеті»