«Қазақ радиосына» –100 жыл. «Шымкенттен сөйлеп тұрмыз» кеші.

«Қазақ радиосына» –100 жыл. «Шымкенттен сөйлеп тұрмыз» кеші.

«Қазақ радиосы»-ның 100 жылдығына орай «Шымкенттен сөйлеп тұрмыз» атты мерейтой кеші өтеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

«Қазақ радиосы» осыдан бір ғасыр бұрын, 1921 жылы 1 қазанда алғаш рет хабар таратты. Содан бері ол үздіксіз ұлтымыздың үнжариясына айналды.

Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрімізді насихаттап, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың сақталуына, дәстүр сабақтастығын жалғастыруға үлес қосып отырған «Қазақ радиосына» биыл - 100 жыл.

Аталған шара Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында карантин талаптарын сақтай отырып өткізілмек. Думанды кешке өнер саңлақтары қатысады деп жоспарлануда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келем деушілерге есік ашық. Орындар саны шектеулі.