Қазақфильм: «Мұқағали» фильмінің тұсаукесері кейінге шегерілді

Қазақфильм: «Мұқағали» фильмінің тұсаукесері кейінге шегерілді

Режиссер Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» көркем фильмінің көрсетілімі пандемияға байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Facebook ресми парақшасында мәлімдеді.


«Белгілі режиссер Болат Қалымбетовтің фильміне оның қилы тағдыры мен мағыналы ғұмыры негіз болды. Небәрі 45 жыл ғұмырында өлмес өлең жазып, өшпес із қалдырған ақын тірісінде лайықты бағасын алмады. Алайда өмірін шығармашылыққа арнаған ақын ешқашан мойыған емес. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Мұқағали» фильмінің тұсаукесері пандемияға байланысты кейінге шегерілуде, бірақ осы күзде көрермендер бұл фильмді үлкен экранда көреді деп үміттенеміз», – деп жазылған киностудияның ресми парақшасында.