Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы басталды. Басқосу «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында өтіп жатыр.
Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен сессияның пленарлық отырысы өтеді.
Жалпы жиынға елімізден 1000-нен астам адам қатысады. Олардың қатарында Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың, дипломаттық корпустың, ғылыми, шығармашылық зиялы қауымының, қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.
Бас қалада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясына Шымкент қаласынан жалпы саны 21 делегат қатысуда.