Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Қорғаныс министрлігі сайтына сілтеме жасап
Биыл 17 сәуірде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қойылған. Ол Қазақстан Республикасының 2021 жылға арналған халықаралық шарттар жасасу жоспарына сәйкес қабылданған.
Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында танысуға болады. Жоба 17 маусымға дейін талқыланады.
CentralAsia мәліметі бойынша, Қазақстаннан Тәжікстанға берілетін қару-жарақ түрлері:
- 5,45 миллиметр оқ-дәрісі бар ПС - 3 миллион 240 дана;
- 23 миллиметр патрондар - 20 мың 76 дана;
- атыс минометтері 82 миллиметр - 10 мың дана.
– Мүлік пайдалануға жарамайды және артық мөлшерде, осыған байланысты оны қалпына келтіруге бюджет қаражаты талап етілмейді. Жоба мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді, - делінген хабарламада.
Айта кетсе, Қазақстаннан баратын әскери мүлік пойыз арқылы (Отар станциясы, Жамбыл облысы) Тәжікстанның Душанбе станциясына жеткізіледі.