Тұрғын үй алу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан Қазақстандықтар 112,3 миллиард теңгеден астам қаржы алған, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Ол қаржы бірыңғай зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың алғашқы екі күнінде, яғни 1 және 2 ақпан аралығында 20 252 адамның арнайы шотына аударылды.
Тұрғындар зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында ала алады. Қағидаларға сәйкес, жинақтарды тұлғаның арнайы шотына аудару өтініш келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асады.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде ең алғаш болып Шымкент қаласының тұрғыны біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, баспаналы болған еді. Бұл туралы күні кеше ғана жазғанбыз.