Бүгінгі өткен Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту үшін 5 жылдың ішінде 800 млрд. теңге бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
– Бұл өз кезегінде 3,5 мыңнан астам ауылдағы 7 млн. ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жалпы ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тәсілі 2025 жылға қарай ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын және әл-ауқатын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік ашады. Мәселен, ауыл халқының сумен қамту қызметі 100 пайызға жететін болады, - деді министр.
Ә.Ерғалиевтің сөзінеше, бұл шаралар жүзеге асырылса, еліміздегі барлық ауыл тұрғындары сапалы интернетпен қамтылады. Жергілікті маңызға ие жолдардың 95 пайызы жөнделіп, ауыл ішіндегі жолдар қайта салынады. Сонымен бірге ауылдарда инвестициялық жобалардың жүзеге асырылатынын да атап өтті.
Бастысы агроөнеркәсіп кешенінде 845 инвестициялық жобаны іске асыру барысында 500 мың жаңа жұмыс орнын құрылмақ.