​Қазақстанда бір айда 6 мыңға жуық автокөлік құрастырылған

​Қазақстанда бір айда 6 мыңға жуық автокөлік құрастырылған

2021 жылдың қаңтарында Қазақстан аумағында 5 981 автокөлік құралы құрастырылған, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы мәлімдеді.

- Осы жылдың қаңтарында Қазақстан аумағында жалпы құны 43,1 млрд теңге болатын 5 981 автокөлік (жеңіл, жүк көліктерін, автобустарды, арнаулы машиналар мен тіркемелерді қоса алғанда) шығарылды. Нақты мәнде шығарылған өнім көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 1,8 пайызға асып түсті, - делінген ресми ақпаратта.

Одақ мәліметінше, жеңіл автомобиль өндірісі 3,9 пайызға артып, 5 393 көлік құрастырылды. 150 автобус шығарылды. Есепті кезең қорытындысында құрастырылған автобустар саны 4,5 есе көп болып отыр. Дегенмен, жүк көліктерін құрастыру 1,5 есе төмендеп 363 болды. Тіркеме шығару 99-дан 67-ге дейін кеміді. Мұнан бөлек 8 мамандандырылған автотехника шығарылды.

Қаңтарда отандық өндіріс ошақтарынан шығарылған 5 381 көлік сатылды. Бұл - өткен жылғы көрсеткіштен 53 пайызға жоғары. «ҚазАвтоӨнеркәсіп» кәсіпорындарының нарықтағы үлесі 65,6 пайыздан 64,6 пайызға дейін төмендеді.

Фото: ашық дереккөз