Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 665 ардагері қалды, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Биыл майдангерлердің саны 2 есеге азайған. 2020 жылы олардың саны 1025 еді.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді7
- 2020 жылы 1 025 ардагер болса, биыл - 665. Ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, соның ішінде тыл еңбеккерлерін алатын болсақ, олардың саны 127 мыңнан 114 мың адамға дейін қысқарды, - деді Әукенов ОКҚ онлайн-брифингінде.
Бұған дейін 9 мамырға Қазақстанда ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 6,4 миллиард теңге төлемге жұмсалатыны хабарланған болатын.
Фото: ашық дереккөз