Елімізде эпидахуал жеті күн тұрақты қалыпта болса, карантин талаптарын жеңілдету мәселесі қаралуы мүмкін, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.
– Карантин шараларын қатаңдату мәселесі бес күннен кейін қабылданады. Карантин шараларын жеңілдету үшін эпидахуалдың «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткеннен кейін жеті күннен кейін енгізіледі. Елдің бас санитария дәрігері шектеу талаптарын жеңілдетеді немесе қатаңдатады, - деді Е.Байтанаев.
Министрлік өкілі «жасыл», «қызыл» және «сары» аймақтардағы карантин шектеулері туралы шешімді бас санитария дәрігерінің қолданыстағы қаулысы негізінде өңірдегі санитария дәрігерлері қабылдайтынын айтты.
Айта кетсек, 7 маусымда елімізде коронавирус індетінің таралуы бойынша «жасыл» аймаққа өтті.